• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Бас прокуратурада есірткіге қарсы күрес мәселесі қаралды

360 рет
көрсетілді

Бүгін, Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес агенттігінің Таяу шығыс аймағы бойынша аймақтық басқармасы директорының міндетін атқарушы Дональд Ч. кіші Барнспен кездесуі болып өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге қатысушылар екі жақты кең спекторлы мәселелер бойынша, ең алдымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты пікір алмасты.

А.Дауылбаев мемлекеттің геосаяси жағдайын ескере отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының басым бағыттарының бірі екендігін атады. Сондай-ақ ол осы саладағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, есірткі қылмысына қарсы шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарымен өзара ықпалдастық туралы хабардар етті. Осыған орай, АҚШ-тың осы саладағы тәжірибесін зерделеуге, жедел ақпараттармен алмасуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Тараптар трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысына қарсы күресте күштерді біріктірудің, есірткіні жеткізу және тасымалдау бағыттарын анықтаудағы агенттіктің мүмкіндіктерін пайдаланудың, осындай қылмыстарды тергеудің алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін үйренудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында қаржы ағымдарын бақылау тетіктеріне, одан әрі әртүрлі экстремистік және террористік ұйымдарды қаржыландыруға бағытталатын есірткіні өткізуден заңсыз алынған пайданы анықтауға ерекше мән берілді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Фото: Kazinform.kz.

Соңғы жаңалықтар