Қырғыз бен Қытай шекарасында қарулы қақтығыс орын алды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің мәлімдеуінше, атыс қырғыз әскерилері мен белгісіз топтың арасында болған. 11 адамнан тұратын қарулы топ шекарашылармен қақтығыспас бұрын, Ыстықкөлдің аң шаруашылығы қызметкерін өлтіріп, оның қару-жарақтарын алып кеткен екен. Қақтығыс кезінде қарулы топтан екі адам қаза тапты. Әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Қырғыз шекара жасағының жедел әрекет ету тобы келіп жетіп, қарулы топты қоршауға алды. Қырғызстанның премьер-министрі «егер олар өз еркімен берілмейтін болса, бірден қару қолдану» жөнінде бұйрық берді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: 24.kz
Фото: Vesti.ru