Бразилияда Будданың алып мүсіні ашылды. Мүсін Ибирасудағы Дзенн-будда монастырының аумағында орнатылған. Аталған ескеркіш Рио-де-Жанерйодағы Христос мүсінінен де биік, деп жазады Egemen.kz.
Оның құрылысы 2020 жылдың қазан айында аяқталған. Ескерткіштің ашылуы ағымдағы жылдың сәуіріне жоспарланғанмен, коронавирустық пандемияға байланысты шегерілген еді.
Будда мүсініне қазірдің өзінде дін өкілдері мен туристер келе бастағанын айтты. Монастыр қызметкерлерінің ақпаратынша, әр демалыс сайын мүсінге төрт мыңға дейін адам келуде.
Мүсін орналасқан аймаққа кіру тегін және кез келген уақытта ашық.