• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Жолдау жүктеген міндеттер ел дамуының кепілі

286 рет
көрсетілді

Бүгін, Бас прокуратурада аймақтық прокуратура органдары және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері тақырыбында бейне конференция өткізілді. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Кездесу 2013 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылған Бас прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Еліміздің барлық өңірлеріндегі прокуратураның аймақтық органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары арасында да осындай келісімдер жасалған.

Жиында прокуратура органдары мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Осы орайда, тараптар меморандумды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко атап өткендей, Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бизнесті жақсарту, әкімшілік кедергілерді жою және заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жоспардың маңызды тармақтарына, атап айтқанда, прокуратураның аймақтық органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «сенім телефондарын» іске қосу, кәсіпкерлер проблемаларының картасын жасау, «Қуатты бизнес–қуатты Қазақстан» атты кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жобасын, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру жұмыстарына тоқталды.

Іс-шаралар жоспарында кәсіпкерлерден келіп түсетін хаттар негізінде олардың жүйелі мәселелерін шешуде ортақ ұстанымды әзірлейтін жұмыс тобын құру қарастырылған. Мұндай жұмыс топтарын барлық өңірлерде құру жоспарланып отыр.Сонымен бірге, импортталатын тауарларды посткедендік бақылау кезіңде қайта саралау, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүлкіне қол сұғушылық фактілерімен байланысты кәсіпкерлердің жекелеген өзекті мәселелері тиісті шешімдер мен ұсынымдар айтыла отырып талқыланды.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Фото: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Соңғы жаңалықтар