• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Жерлесіміз жат жұртты «Үшқоңыр» әнімен тамсантты

343 рет
көрсетілді

Астаналық Фархад Маденов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен ХІХ халықаралық «Мөлдір магнолия» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Дүбірлі сайысқа қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңға жуық орындаушы ниет білдіріпті. Олар вокал, хореография, актерлік шеберлік және цирк өнері бойынша сынға түскен.

Байқаудың алғашқы кезеңінде отандасымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Үшқоңыр» әні мен итальяндық «La spagnola» әнін орындап, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сондай-ақ ол сайыстың екінші кезеңінде де қазылар алқасының өтінішімен «Үшқоңыр» әнін тағы бір орындап, вокал номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Тағы бір қуантарлығы, жерлесіміз Лос-Анджелестегі беделді оқу орындарының бірінде тегін оқу құқына ие болды.

Әбдірахман Қыдырбек.

Дереккөз: Nur.kz

Фото: Nur.kz 

Соңғы жаңалықтар