• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Пентагон Сочидегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады

307 рет
көрсетілді

Сочиде өтетін Олимпия ойындары кезінде АҚШ қарулы күштерінің екі әскери кораблі Қара теңіз аумағында күзетке тұрып, шұғыл жағдайлар орын ала қалса, бірден араласа кетеді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Пентагонның ресми өкілі контр-адмирал Джон Кербидің айтуынша, Қара теңіз бойын бойлап жүзетін АҚШ әскери корабльдері мен Германияда тұрған ұшақтары қажеттілік туған жағдайда, Сочидегі америкалықтарды қатер құрсауынан алып шығады. CNN телекомпаниясы ұшақтардың Сочиге екі сағаттың ішінде жетіп келе алатынын, бірақ мұндай операциялар үшін міндетті түрде ресейліктер тарапынан рұқсат сұралатынын мәлімдеді.

Джон Кербидің сөзіне қарағанда, «Құрама Штаттар Ресей үкіметіне Қысқы Олимпиаданы өткізуге дайындық кезінде өзінің жан-жақты қолдауына сүйенуді ұсынған болатын». «Егер Ресей үкіметімен консультация жүргізу барысында әлдеқандай төтенше туындаған жағдайларға байланысты жәрдем керек етілсе, біз күшімізбен және Қара теңізде жүрген екі кемемізбен бірге, басқа да әскери-әуе, әскери-теңіз құралдарымызды іске қосуға дайынбыз», – деді ол.

Бұдан бұрын Пентагонның басшысы Чак Хейгел егер Сочи Олимпиадасын өткізу кезеңінде ресейліктер жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты өтініш болып жатса, оған қол ұшын беруге әзір екендерін мәлімдеген болатын.

Қаңтардың 19-ы күні Ресейдің президенті Владимир Путин Сочидегі Ойындар қауіпсіздігін сақтаудың өте маңызды да жауапты мәселе екенін айтты. Ол осыдан кейін Қара теңіз жағасындағы қалаға келіп, мұндағы жағдаймен танысты. Әзірге қауіп шақыратындай дабылды ахуал жоқ.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Rg.ru

Соңғы жаңалықтар