«Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Соның салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Сонымен бірге, солтүстікте, орталықта, шығыста, оңтүстік-батыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының орталығы, оңтүстігі мен шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өңірдің солтүстігінде тұман түседі.
Павлодар облысының орталығында, оңтүстік-шығысы мен шығысында күн күркірейді. Күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз батыс, солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Найзағай кезінде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында және солтүстік-шығысында дауыл, бұршақ, күндіз батысы мен шығында шаңды дауылмен желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Жел екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақтобе облысың оңтүстік-шығысында секундына 16 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.