• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Тамыз, 2021

АҚШ-та миллионға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды

167 рет
көрсетілді

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Луизина штатының миллионға жуық тұрғыны «Ида» дауылының салдарынан  электр жарығынсыз қалды, деп жазады Egemen.kz.

Rg.ru порталының жазуынша, Луизина штатында 980 434 тұрғын электр жарығынсыз қалған. Бір адамды ағаш басып қалып, көз жұмған. Ал Жаңа Орлеан штатында да электр қуаты толықтай сөнген. 

АҚШ-тың дауылдарды бақылау ғылыми орталығы (NHC) табиғи апаттың демалыс күні Порт-Фуршон қаласы жағалауынан басталғанын жазады. Желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жеткен.

Президент Джо Байден америкалықтарға үндеу жасап, табиғи апат салдарын жою үшін мемлекеттің барлық ресурсын қолдануға уәде берді. 

Ел үкіметі зардап шеккендерге 2,5 млн порция тамақ, үш млн литр су, электргенератор әзірленгенін, 100 жедел жәрдем бригадасы, әрқайсысы 70 адамнан тұратын 13 құтқарушылар командасы көмекке келетінін атап өтті.