• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 30 Тамыз, 2021

Президент Несіпбек Дәутайұлының туыстарына көңіл айтты

347 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Несіпбек Дәутайұлы баспасөз саласында жемісті жұмыс жасады. Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облысы бойынша филиалына жетекшілік етті. Еліміздің рухани-мәдени байлығын арттыруға мол үлес қосты. Қарымды қаламгер ретінде шығармашылық жолдағы табыстары да өте мол. Тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды, әдеби сыйлықтарға ие болды.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», делінген жеделхатта.