• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Тамыз, 2021

Алдағы күндері ауа райы суытады - Қазгидромет

465 рет
көрсетілді

Қазгидромет 31 тамыз – 02 қыркүйек күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

«Елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Атлантика аудандарының суық антициклоны, шығыс бағытта жылжуын жалғастырады. Бұл елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында салқындауға әкеледі», деп жазады синоптиктер.

Термометрлер күндіз солтүстік пен шығыста 10-20 жылыға дейін, ал оңтүстік-шығыста 20-28 жылыға дейін төмендейді.

Түнгі уақытта Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған.

2 қыркүйекте Батыс аймақтарға Баренц теңізі аудандарынын циклоны әсер ете бастайды, олармен бірге жаңбыр, найзағай және жел күшейеді.