• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Тамыз, 2021

Боксшылар Азия чемпионатында сегіз алтын жүлде алды

515 рет
көрсетілді

Дубайда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде сегіз қазақстандық боксшы чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионатында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер 10 салмақ бойынша  сынға түсіп, 12 медаль алды. Оның сегізі алтын, екеуі күміс және екеуі қола медаль.

Алтын медальді: Санжар Тәшкенбай (48 кг-ға дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг-ға дейін), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг-ға дейін), Ерасыл Ермек (60 кг-ға дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 кг-ға дейін), Абзал Серік (67 кг-ға дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 кг-ға дейін), Темірдан Мұқатаев (86 кг-ға дейін) алды.

Күміс жүлдені Мәди Әміров (96 кг-ға дейін) мен Даниял Сапарбай (92 кг-ға дейін) еншіледі.

Арман Алматұлы (71 кг-ға дейін) мен Дәурен Мамыр (82 кг-ға дейін) қола жүлдеге ие болды.