• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Тамыз, 2021

Көпбалалы отбасылар баспаналы болды

179 рет
көрсетілді

ҚР Конституциясы күніне орай Ақтөбеде баспана кезегінде тұрған 14 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табыс етілді, деп жазады Egemen.kz.

Көпбалалы отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 54 пәтер сатып алынған.

«Ақтөбеде 24 мыңдай отбасы баспана кезегінде, тағы 145 мыңдай жерлесіміз жеке тұрғын үй салатын жер кезегінде тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жылдан жылға баспана мәселесін шешу шаралары қабылданып жатыр. Біздің проблемамызды ешкім сырттан келіп шешіп бермейтінін түсінуіміз керек. Мұны біз өзіміз тек еңбекпен, шыдамдылықпен және бірлікпен істей аламыз», деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, пәтер Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабынан берілді.