• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Тамыз, 2021

Елена Рыбакина US Open екінші раундына өтті

185 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина US Open екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакина Белоруссия өкілі Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Жекпе-жектің 1 сағат 17 минутында WTA рейтингінің 20-шы нөмірі, 22 жастағы Елена 10 эйс пен үш брейк жасады.

Бұрын Елена Рыбакина әлемдік жіктеуде 90-шы орынды иеленген 27 жастағы Александрамен кездесу өткізбеген болатын.

Айта кетсек, Рыбакинаның турнирдегі келесі қарсыласы британдық Хэрриет Дартты 6:7(6), 6:4, 6:2 есебімен жеңген француз Каролин Гарсия болмақ.