Бүгін Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Терроризмге қарсы жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шарасы, соның ішінде көлік қозғалысына шектеулер қарастырылған.
«Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», делінген хабарламада.