Синоптиктер Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарындағы өзендердегі су деңгейінің көтерілуі туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жауын-шашын болжамына байланысты, 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында өзендерде көлбеу ағын қалыптасып, су деңгейі көтеріледі», деп хабарлады «Қазгидромет».