• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Тұрғындар аң-таң...

302 рет
көрсетілді

Ертіс ауданы әкімдігінің алдында тұрған Лениннің ескерткіші ақыры алынды. Бәрекелді дестік. Бірақ, бізге хабарласқан аудан тұрғындары аң-таң. Қуанышты көңілдері су сепкендей басылыпты. Не болды десек, ауданға жолсапарға барғанда өзіміздің де көзіміз көрді. Кеткен Лениннің орнында... танк тұр! Естімеген елде көп деген осы.

Жалпы, біздер елдік рәміздер, елдік мақсат, елдік мүдде жайлы көп айтамыз, көп жазамыз. Бүгінгі ұрпақ үшін патриоттық сезім, отансүйгіштік қасиеттер ұлттық рәміздерді құрметтеу мен қадірлеуден басталатыны бел­гілі. Мысалы, облыстағы Ақ­су қаласына қарасты қалалық бақ­та ауыл-қалада орындарынан алын­ған түрлі-түсті кейіптегі Ленин ес­керткіштері жиналған. Бақ іші­нен жастар мен жасөспірімдер рух, тәлім-тәрбие алатындай, олар­ға ой салатындай бүгінгі күн­нің ескерткіш, мүсіндерін іздей­сің. Ертіс ауылындағы Ленин ескерт­кіші келмеске кетті деп жүргенде, енді жетпегені танк пе еді?!.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы,

Ертіс ауданы.

Соңғы жаңалықтар