Жамбыл облысында 11 көлік қақтығысып, жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ауқымды жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Куәгерлер зардап шеккендердің саны оннан асқанын айтады.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 30 тамызда Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 93-ші шақырымында болғанын хабарлады. Апаттан 11 көлік зардап шекті.
Бірнеше адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта 345-бап, 2-бөлім «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.