• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Тамыз, 2021

Павлодарда жол апатынан 1 адам қаза тапты

265 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Митсубиси Монтеро» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен адам  алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияда автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, биылғы жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 278 ЖКО тіркелген, салдарынан 20 адам қаза тауып, 410 адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар