ҚР Ішкі істер министрлігінде бір апта ішінде Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз атап өткендей, бір апта ішінде елімізде 3393 қылмыс жасалса, оның 2331-і бір тәулік ішінде ашылған.
«Полицейлер 6 кісі өлтірудің ізін суытпай, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің үш фактісін анықтады. Сонымен қатар, 5 қарақшылық, 37 тонау, 517 ұрлық анықталды», деп хабарлады ведомствоның апта сайынғы брифингінде Нұрділдә Ораз.