• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Тамыз, 2021

Ауыл тұрғындарының 92%-ы сумен қамтамасыз етіледі

214 рет
көрсетілді

Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1%-ы, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда - 90,1%-ы қол жеткізген,  деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз - 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%. Атап айтқанда қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8%.

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.