Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі мәлімдеді.
Бішкекте еңбекшілердің әскери шеруі өтсе, облыстарда театрландырылған қойылымдар, концерттер, ақындар айтысы, фотокөрмелер, қолөнершілер мен мүсіншілердің фестивалі ұйымдастырылды. Бұған қоса, жыршылар «Манас» эпосын оқуда.
Елде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қырықтан астам іс-шара өтеді.
Бұл күні қоғам тәртібін 9000 милиция қызметкері мен сарбаз қадағалайды.
Қырғызстан дербестігі туралы декларацияны елдің Жоғарғы кеңесі 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылдады. Ал 1991 жылғы 31 тамызда «әйгілі парламент» мемлекет тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.