Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз министрлігінің қызметіне қатысты бірнеше қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен жұмысқа бара жатқанда осындай «жаңалықтардың» шағын тізімін жасадым», деп жазды Мусин өзінің Instagram парақшасында.
Министр министрліктің жоспарында әлеуметтік желілерді бұғаттау жоқ екенін айтты. Оның жазуынша, бұл мәселе өткен жылы талқыланған, бірақ биыл тағы да көтеріліп отыр.
«Интернет арқылы хабарласу тарифтері қоңырауға теңестірілмейді. Министрлік WhatsApp-тағы қоңыраулар мен хабарламалар үшін ақы ала алмайды және алмайды», деп жазды министр.