Жыл басынан бері атыраулық полицейлермен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету» бойынша дағдарыс орталығына 18 ана мен олардың 30-дан астам балалары орналастырылды, деп жазады Egemen.kz.
«Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық тек жәбірленушілердің құқығын ғана бұзып қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуына ер азаматтардың алкогольдік ішімдікке тәуелді болуы ең негізгі фактор болып, нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді», деп жазады Polisia.kz.
«2021 жылы Атырау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметкерлерімен отбасы-тұрмыс саласында 800-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа, мыңға жуық қорғау нұсқамасы беріліп, учаскелік полиция инспекторларының ұсыныстарының негізінде сот шешімімен 300-ге жуық тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.