• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

БҚО-да жол апатынан екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді

188 рет
көрсетілді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні Ақжайық ауданы аумағында болған, деп жазады Egemen.kz.

«Сағат 00.16-да Чапаев-Жалпақтал күре жолы бойында 1990 жылғы жүргізуші «Тойота Ипсом» автокөлігінің руліне ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Салдарынан 16 және 14 жасар екі жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды», деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 бала қайтыс болып, 47-сі түрлі жарақат алған.