• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Ұлттық идея – ұлы мұрат бастауы

504 рет
көрсетілді

Қазақта «Жақсы сөз жарым ырыс» деген аталы сөз бар. Елбасының «Ұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел!» деп нақтылауы сол даналықпен астасып, өзіндік үйлесім табуда. Әсілі, мәңгілік ел болу үшін ынтымағы жарасып, экономикасы дамыған халқы, тұрақты ұлттық теңгесі сынды құндылықтары бар Тәуелсіз мемлекет орнығуы тиіс. Сонда сол елмен өркениетті елдер санасады.

 

Қазақта «Жақсы сөз жарым ырыс» деген аталы сөз бар. Елбасының «Ұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел!» деп нақтылауы сол даналықпен астасып, өзіндік үйлесім табуда. Әсілі, мәңгілік ел болу үшін ынтымағы жарасып, экономикасы дамыған халқы, тұрақты ұлттық теңгесі сынды құндылықтары бар Тәуелсіз мемлекет орнығуы тиіс. Сонда сол елмен өркениетті елдер санасады.

Бұл биікке біз Тәуелсіздігімізді төрткүл дүниеге паш еткелі Елба­сы­ның бастауымен көтерілге­ні­міз аян. Мұны «Мәңгілік Ел» болу баспалдағына қадам басу деп те түсінген ләзім.

«Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дәстүрлі Жолдауының ұстанымы – елімізді әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу, Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, «Мәңгілік Ел» идеясын баянды ету. Елбасының биылғы Жолдауында өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет деп нақтыланды. Рас, тұтынушылар санының өсуіне байланысты облыс­та электр қуатының тапшылығы сезілуде. Бұл мәселе 2018 жылы Балқаш жылу электр стансасының құрылысы аяқталғанда толықтай шешілетін болады. «Қолжетімді бас­пана-2020» бағдарламасының аясында құрылыс мерзімдерін қысқартуға, өндірістік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін үй құрылысы комбинатын іске қосамыз. 2014 жылы комбинаттың құрама-монолитті конструкцияларынан тұратын 5-7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда», – деді актив жиынында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов.

Елбасы Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және өнеркәсіпті әлемдік стандарттарға сай ұйымдастыру жолдарын белгілеп берген еді. Аг­рарлық-инновациялық клас­тер­дің ғылыми негізделген жүйе­­сін енгізуге баса назар аудар­ды. Алматы облысының аграр­лық секторының әлеуеті зор болғандықтан, топырақтық-кли­мат­тық жағдайы қолайлы, судың мол қоры бар. «АгроБизнес-2020» бағдарламасымен ауыл­шаруа­шы­лығы тауар өндірушілеріне едәуір мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылғандықтан, егістік көлемі былтыр арғы жылмен салыстырғанда 21 мың гектарға өсті, ал 2017 жылы 920 мың гектар жерге жеткізілмек. Осылай дей келе, облыс басшысы Жолдауға сәйкес өзге салалар бо­йынша атқарылатын жұмыстарды тұжырымдап, тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді.

Келесі кезекте, облыс арда­герлері, дәрігерлер мен мұғалімдер, өндіріс орны қызметкерлері, бизнесмендер, жастар өкілдері мінберге көтеріліп, Жолдаудан алған әсерлерін, өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салды. Жылдың басты құжатын жан-жақты насихаттауға ой қосып, пікір алмасуға арналған жиынды Аңсар Мұсаханов қорытындылады.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар