• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Өндірісті өңір үлесі

266 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы «Достық үйінде» «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының халыққа Жолдауына орай облыстың идеологиялық активі болып өтті.

 

Облыс орталығындағы «Достық үйінде» «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының халыққа Жолдауына орай облыстың идеологиялық активі болып өтті.

Жиында баяндама жасаған облыс әкімі Қанат Бозымбаев елі­мізде қабылданған үдемелі ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда өн­дірісті өңірдің қосар үлесі мол екенін атап өтті.

Бұған дәлел, бұл күндері жалпы, индустрияландыру картасы аясында облыста инвестиция құны 1 трлн. 78 млрд. 800 млн. теңге болатын 85 жоба жүзеге асырылуда. Алдағы жылдары 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осындай көрсеткіштер тізілімі бойынша облыс еліміздегі жетекші үш облыс қатарында тұр.

– Енді біз елімізде қабыл­дан­ған индустрияландыру бағ­дар­ламасының екінші бесжылдығын орындау жолында ауқымды жоба-жоспарларға толы жұмысты әр салада одан әрі жалғастыра, жандандыра түсетін боламыз, – деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев өз сөзінде.

Өткен күзде облыс диқандары мол өнім жинап алды. Биылғы Жол­­дауында Елбасы айтып кеткен бір мәселе бар, ол – жақсылықты тек­ табиғаттан күтіп отырмай, агро­­өнеркәсіп кешенінде жаңа тех­но­ло­гия­лар мен еңбек өнімділігін арттыру. Сонымен қатар, еліміздің әлем елдері сияқты «Жасыл экономика» жүйесіне көшудің негізгі тұжырымдамасы бо­йынша 2030 жылға қарай егістіктердің 15 пайы­зына су үнемдеу технологиясы қол­данылуы қажеттігі айтылды. Облыс аумағынан Ертіс өзені ағып жатыр. Ал біздер осы су ағынын қалай тиім­ді пайдаланып жүрміз, мәселе сонда.

Екіншіден, Жолдауда атап көрсетілгендей, елімізді ет және сүт өнімдерін экспорттайтын елге айналдыру мақсатын орындауды қолға алу қажет. Тағы бір маңызды мәселе агломерация, көлік және энергетика саласы болса, қазір өңірде облыс орталығы мен Ақсу қалаларының аралығын байланыстыратын жаңа көпір құрылысы жүргізілуде. Ал өңірдің энергетика саласында Екібастұз МАЭС-1 мен МАЭС-2-де жаңа жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар, «Павлодар мұнай-химия зауытында» да жаңғырту жұмыстары басталды.

– ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында Екібастұз қала­сының ауылдық аумағында жел­ электр стансасы салынады. Стан­са­да өндірілетін электр қуаты – 50 МВт. Бұл жоба Астанада өтетін ха­лықаралық көрме нысандарын элек­тр қуатымен қамтамасыз етеді, – деді Қанат Бозымбаев өз сөзінде. – Облыс экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 24,5 пайызға жетті. Шығарылған өнім 374 млрд. 700 миллион теңгені құрап отыр. Енді ірі жүйеқұраушы кәсіпорындар жанынан шағын және орта бизнесті да­мытудың жоспары жасалады. Бұл арқылы елімізде жоғары эконо­ми­калық өсімге қол жеткізуге болады.

Бұдан кейін Жолдауды қолдауға үн қосып, облыстық мәслихаттың депутаты, «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті Абдуазим Рустамбаев, Лебяжі ауданының әкімі Айзада Құрманова, облыстық мәслихаттың депутаты, «Полония» ­поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Свинцицкий, Успен ауданы «Галицкое» ЖШС-нің директоры Александр Касицин, т.б.сөз сөйледі. Ал 24 қаңтар – облыста тұрғындарды идеологиялық ақпараттандырудың бірыңғай күні болып жарияланды. Осы күні облыстық ақпараттық-насихаттық тобының жаңа құрамы Елбасының Жолдауын түсіндіру бо­йынша елді мекендерге аттанады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар