Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеке, қосалқы шаруалардың мал шаруашылығына қолжетімді жағдай жасалу керек. Бұл тұрғысында Президент Үкіметке жаңа Заң жасақтауды тапсырды. «Ветеренария саласын реформалау керек. Осы саладағы мамандардың жалақысын көтеру мәселесі көтерілді. Субсидиялауға 2 триллион қаржы бөлінген. Субсидия шағын және орта кәсіпкерлерге қолжетімді болу керек», деді Президент.
Мал шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу Үкімет пен Бәйтерек холдингіне тапсырылды.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы өткен жылы да Жолдауын 1 қыркүйекте жария еткен еді. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Жолдау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, экология және биоалуантүрлілікті қорғау, азаматтардың мүддесін қорғау, цифрландыру, азаматтарды мемлекетті басқару ісіне тарту, ұлттың жаңа болмысы бағыттарын қамтыды.