Депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі өз өтінішімен мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Депутат өкілеттік мерзімін тоқтату туралы өтініш берген.
«Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Сембинов өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», деді Мәжіліс ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырысында.
Мәжіліс депутаттары оның өтінішін қолдады.
Мәжіліс спикері экс-депутатқа Алғыс хат табыстады.