Алматы облысында «қызыл» мәртебесі бар 1275 адам үй карантинін бұзды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі таңда облыста Ashyq жобасы бойынша 7894 объект жұмыс істейді. Барлық объекті бақылау топтарының бақылауында. Тексеру кезінде жұмыс алгоритмі бұзылған 945 нысан анықталды.
QR кодын сканерлегенде «қызыл» мәртебесі бар - 1275, «сары» мәртебелі 567 адам анықталды. Еңбекшіқазақ және Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай мен Талдықорған қалаларында 2 миллион 362 мың теңге сомасына 54 әкімшілік жаза қолданылды.