• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

Мұғалімдер енді 3 жыл сайын қайта даярлықтан өтеді

535 рет
көрсетілді

«Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, деп жазады Egemen.kz.

Президент бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмеу керектігін де атап өтті.

«Сонымен бірге, халықаралық білім олимпиадасынан жүлделі оралған оқушылардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн. Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету айрықша маңызды. Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырған жөн. Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет», деді Мемлекет басшысы.