Олар Францияның Лион қаласының маңында орналастырылды.
«Босқындар форумы» деп аталатын қауымдастық жаңадан келген ауғандықтарға көмектеседі.
«Біз күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдардың әңгімесі көз алдымызда жазылып жатқан үлкен оқиғаға айналып бара жатқандай әсер аламыз», дейді қауымдастық директоры Жан-Франсуа Плокин.
Euronews жазуынша, босқындар мұнда тағы бір апта болады. Баспана сұрағандармен француз иммиграция қызметі айналысады. Мекеме босқындарға арнайы орталықтардан орын табуға уәде берді.