• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қыркүйек, 2021

Ауқымды реформалар қамтылған Жолдау

287 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауларындағы сияқты, сая­­си реформалар тақырыбына үлкен тарау арнады. Шын мәнін­де, саяси реформалардың жаңа, төртінші топтамасын ұсынды.

Атап айтқанда, депутаттық ман­даттарды бөлу кезінде әйел­дер мен жастарға берілетін 30 па­йыздық квотаны міндетті түрде ұстану туралы норманы заң жү­зінде бекіту міндеті қойылды. Бұл норма бұрын тек партиялық тізім­ге ғана қатысты еді. Енді аталған квота депутаттық мандатты бөлу кезінде де сақталатын болады.

Сонымен бірге Мемлекет бас­шысы партиялардың сайлау тізі­мінде квота берілетін аза­мат­тар­дың санатын кеңейтуді ұсын­ды. Квотаға мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тарды да қосу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ Президент ауыл­дық жердегі азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін әзірлеуді, әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси рөлін барынша қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Адам құқығын қорғау мәсе­лелерін де Президент жеке басымдық ретінде бөлек атап өтті. Мемлекет бұл бағыттағы жұмы­сында қылмыстық процес­ті одан әрі жетілдіруге, полиция­ның сервистік моделінің ауқы­мын кеңейтуге, құқық қорғаушы­лардың құқығын қорғауға, бала­ларға қарсы жыныстық қыл­мыстардың алдын алуға және жолын кесуге, синтетикалық есірт­кінің таралуына тосқауыл қою­ға баса назар аударуы керек.

Президент өзінің Жол­дауында айтқан барлық бастама­ны және стратегиялық міндетті жүзеге асыру үшін мемлекет­тік аппарат пен қоғам бірлесе жұмылуы қажет екенін атап өтті. Сондықтан қоғамдық диалог барлық деңгейде өрбитін болады.

 

Ерлан ҚАРИН,

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі