Қырғызстанның саяси партиялары биыл 28 қарашада өтетін Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға ниеті туралы өтінімдер әлі түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қырғызстан Республикасы Жогорку кенеш депутаттарын сайлауына қатысу туралы өтініш 13 партиядан келіп түскен. Олардың арасында «Социал-демократтар», «Ишеним» «Қырғызстан бірлігі саяси партиясы», «Альянс», «Қырғызстанның жасылдар партиясы» сынды партиялар бар. Сайлауға қатысуға өтініштер 3 қыркүйекке дейін қабылданбақ.