Қазақстандық паражүзуші Зүлфия Ғабидуллина Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада алдын ала 50 метрге еркін қашықтықта (S4) бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Спортшы қашықтықты 44,57 секундта бағындырды. Нәтижесінде өзінің стартында төртінші және жалпы біліктілік есепте сегізінші болып, ақтық сынға өтті.
Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де өтеді.
Еске салайық, Зүлфия Ғабидуллина - 2016 жылғы Паралимпиада мен 2018 жылғы Паразиялық ойындардың 100 метрлік еркін стильдегі алтын жүлде иегері.