• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде ғимарат опырылып, екі адам ауруханаға түсті

136 рет
көрсетілді

Ақтөбеде «Даму» қоры орналасқан ғимарат шатыры опырылып, ортасына түсті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға 1 қыркүйек күні сағат 19:25-те тіркелді. Шақырту орнына 15 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры орналасқан ғимарат ауданы - 200 шаршы метрді құрайды.

Оқыс жағдай болған кезде құтқару жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер бес адамға көмек көрсетті. Екі адам ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында орналасқан екі қабатты ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген.