Доллар теңгеге қатысты өсуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге артып, 426,25 теңгені құрады.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 426,16 теңге, ал сатылымы - 427,67 теңге.
Нұр-Сұлтан қалаларында америкалық валютаны орта есеппен 426,09 теңгеден сатып алып, 427,19 теңгеден сатады.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми доллар бағамы 425,66 теңгені құрайды.