• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Қыркүйек, 2021

КВИ: Алматыда 400-ге жуық науқас жансақтау бөлімінде жатыр

223 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 4873 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 264 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1225, симптомсыз – 39 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 562 , келіп түскені – 388.

«Инфекциялық стационарларда 4873 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 127 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 393 адам жатыр. Ал 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 168 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 179 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 9788 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда –9 473 науқас. 315 адамда коронавирус белгілері жоқ.