• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Сочиде көрме жобасы көрсетіледі

414 рет
көрсетілді

Сочиде өтетін Қысқы Олимпиялық ойындар кезінде Қазақстанның 2017 жылы болатын EXPO халықаралық көрмесі мен 2022 жылы Алматыда өтуі мүмкін келесі Қысқы Олимпиадаға дайындығы туралы таныстырылымы жасалады.

 

Сочиде өтетін Қысқы Олимпиялық ойындар кезінде Қазақстанның 2017 жылы болатын EXPO халықаралық көрмесі мен 2022 жылы Алматыда өтуі мүмкін келесі Қысқы Олимпиадаға дайындығы туралы таныстырылымы жасалады.

Спорт және денешынықтыру істері агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, таныстырылым фильмдері Сочидегі Қазақстанның баспасөз орталығында көрсетіледі. Агенттік қазірден бастап осы шараға дайындық жұмыстарын жүргізуде. «2017 жылы Астанада EXPO халықаралық көрмесінің өтетінін білесіздер. Биыл көктемде көрме өтетін жерде құрылыс бас­талады. Қазір көрменің жобасы дайын. Осы жобаны Олимпиада кезінде шетелдіктерге тағы да таныстыруды жөн көріп отырмыз. Ал 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға келсек, әзірше ол қай елдің қаласында өтетіні белгісіз. Алайда, қолда бар мәліметтерге қарағанда, осы күндері Алматы ең басты үміткер қалалардың бірі ретінде жиі аталып жүр. Біздің ел төрт жылда бір келетін Олимпиаданы қабылдауға үмітті. Біз Сочиде осы доданы өткізуге мүмкіндігіміз бар екенін көрсеткіміз келеді», дейді агенттік баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытбек Хамит.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар