• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде несие ұйымын тонап кетті

142 рет
көрсетілді

Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен шағын несие ұйымын тонап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскүнем қаржы ұйымының кеңсесіне кіріп, 22 жасар қызды ойыншық тапаншамен қорқытқан. Осылайша, күдікті 74 мың теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткен. Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберілді, олар ізін суытпай күдіктіні ұстап, қамауға алды.

Ер адам өз ісін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.