Шымкент ҚПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің 12-рота инспекторлары М.Қуандықов, Н.Шувулдаков және Ж.Ағыбаев қызмет барысында көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқайды. Полиция қызметкерлері жақындап келіп, әйелдің көпірден секірмек болғанын анықтайды, деп жазады Egemen.kz.
Тәртіп сақшыларының бірі азаматшаны әңгімеге тарта бастағанда, екінші қызметкер әйелді қауіпсіз орынға шығарады.Осылайша, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әйелдің өміріне араша түсіп, суицидтің алдын алды. Аталған жайт 31 тамызда сағат 22:00 шамасында Еңбекші ауданындағы көпірлердің бірінде орын алған. Мән-жайды анықтау үшін өмірімен қош айтыспақ болған азаматша Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.