• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қыркүйек, 2021

Онлайн санақ кезінде нені ескеру керек?

436 рет
көрсетілді

Ұлттық санақ департаментінің маманы Жанар Ахметова онлайн санақ парағын толтыру кезінде нені ескеру керек екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Маманның айтуынша, онлайн санақ қазіргі пандемия жағдайында санақ жүргізудің ең қауіпсіз жолы болып отыр. 

«Пандемия кезінде интервьюермен байланыс орнатпауға мүмкіндігіңіз болады. Бұл вирус жұқтыру тәуекелін барынша азайтады.  Дегенмен біздің қызметкерлеріміз толықтай вакцина алған», дейді Ж.Ахметова.

Сонымен қаар онлайн санақ респонденттің уақытын үнемдейді. Себебі кез келген уақытта толтыра алады, сонымен қатар үзіліс жасап, кейін жалғастыра алады.

«Ең бастысы әр адам бірге тұратын отбасы мүшелері үшін де санақ парағын толтыруы керек. Себебі отбасының әр мүшесі жеке-жеке толтыратын болса, олардың әрқайсының жауап парағы бір-бір үй шаруашылығы болып есептеліп кетеді. Сондықтан бір үйден бір адам өзі және басқалары үшін де толтырғаны жөн», деді маман zakon.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, онлайн санақ sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады.