• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Технология 02 Қыркүйек, 2021

Платформалық тәсіл: Жобалардың дамуы жылдамдайды

554 рет
көрсетілді

BTS Digital компаниясы, Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры және «Астана» халықаралық орталығының (АХҚО) Tech Hub Қазақстанда цифрлы платформалық шешімдерді дамыту бойынша консорциум құру ниеті туралы келісімге қол қойды. Тараптар экономика салаларын цифрландыру және бірлескен цифрлы платформаларды құру үшін өз құзыреттері мен ресурстарын біріктіруді жоспарлап отыр.

Платформалық тәсіл дегеніміз – бірыңғай онлайн-ресурстар, суперқолданбалар, маркетплейстер және т.б. арқылы жеткізушілердің, тұтынушылардың және өндірушілердің өз­ара әрекеттесу әдісі. Цифрлы платформалар арқылы қатысушылар арасындағы ақпарат және құндылық алмасу бірнеше есе жылдамдай түспек.

Бір жағынан, платформалық шешімдер пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасайды, шығындарды оңтайландырады, сервистерді нарыққа шығару жылдамдығын арттырады, екінші жағынан – сапалы инфрақұрылымды талап етеді әрі сапалы сараптама мен қолдауды қажетсінеді.

«Консорциум қатысушылары ретіндегі біздің мақсатымыз – платформалық тәсіл шең­берінде сервистерді іске асыру және біріктіру тәжі­рибесін енгізу, жаңа платформалық ше­шім­дер құру және Қазақстанда серпінді цифр­лы АТ-жобалардың пайда болуына жағдай жасау», дейді BTS Digital компаниясының бас директоры Нұртай Әбілғалиев.

Консорциум құру процесі бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Қолданыстағы платформалар мен шешімдерге талдау жасаудан, команда құрып, дайындаудан, серіктестерді белгілеуден басталады да, одан әрі жол картасы әзірленіп, жақын арадағы жобалар айқындалады.

«Цифрлы платформаларды енгізу инно­вациялық әзірлемелерді таратуды, сәйкесінше, биз­нестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Бұл бастама қазақстандық стар­тап­тарға IT-өнімдерді пайдаланушылардың қажет­тіліктеріне тезірек бейімдеп, жаңа на­рық­­тарға шығуға мүмкіндік береді», деді өз сө­зінде Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.

«Платформалық тәсіл цифрлы жобалар­дың дамуын айтарлықтай жылдамдатады әрі жеңі­лдетеді. Бұл тұрғыдан АХҚО Tech Hub-тың тәжірибесі мен мүмкіндіктері технологиялық компанияларға қолдау көр­сету, инновациялық экожүйелер мен қар­жы­лық технологиялардың дамуына түрткі болу, сонымен қатар жаңа өнімдер мен сервистерді халықаралық нарыққа шығару үшін жеткілікті. Нарықтың жетекші қатысушыларымен күш біріктіре отырып, біз Қазақстанның цифрлы саласының сапалы дамуына ғана емес, оның ұлттық экономикаға ықпалының артуына да жағдай жасаймыз», деді Tech Hub бас директоры Павел Коктышев.