• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Қыркүйек, 2021

Медициналық көмек алуға арналған вебинар

257 рет
көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалында «ТМККК аясында және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу» тақырыбында онлайн-вебинар өтті.

Вебинарға ӘМСҚ елорда филиалы қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашыранды склерозбен ауыратын науқас-мүгедектер қоғамдық бірлес­тігі мен «РСО «Қазақстанның Әкелері» республикалық қоғам­дық бірлестігі мүшелері және т.б. қатысты.

Вебинар барысында Меди­циналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының халықты ақпарат­тандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі Г.Жұманов қатысушыларға ТМККК және МӘМС пакеттеріне қандай медициналық қызметтер кіретіні, МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық көмектің ерек­шеліктеріне тоқталып, жан-жақты түсіндірді. ТМККК аясындағы және МӘМС жүйесінде көр­се­ті­летін медициналық көмек­тер­дің таныстырылымы ұсы­ныл­ды. Ақпараттандыру-түсін­діру ба­­ры­сында ол тегін меди­ци­на­­лық ке­пілдік берілген көлем­де,

сақ­­тан­дырылған-сақтанды­рыл­ма­­­ға­ны­на қарамастан, барлық аза­мат­тарға мекенжайы бойынша тіркелген емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек, жедел жәрдем, санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызды сырқаттар мен негізгі созылмалы сырқаты бар науқастарға, дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз етуді қосқанда, тегін медициналық қызмет көр­сетілетінін атап өтті.

Одан әрі амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қызметі бойынша бас сарапшы Б.Хасимұратова жан-жақты түсіндіріп айтып берді.

Сондай-ақ вебинарға қатысу­шы­лар тегін медициналық кепіл­дік берілген медициналық көмек аясын­да және міндетті әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру жүйе­сін­­де көрсетілетін медицина­лық қыз­­мет­тердің жаңартылған тізбесі, 15 же­ңілдік санатындағы азамат­­тар, МӘМС жүйесіндегі сақтан­­дыру мәр­тебесін тексеру әдіс­тері, қа­шық­тықтан медицина­лық қызмет алу туралы, т.б. ақпарат­тар алды.

 

«Егемен-ақпарат»