ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелл ЕО елдерінің Ауғанстаннан 17,5 мың адамды эвакуациялағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуроодақ елдері барлығы 17,5 мың адамды эвакуациялады.
Ол Еуропалық Одақтың Ауғанстандағы миссиясының барлық қызметкерлері (оның ішінде миссияның 520 қызметкері мен олардың отбасы) Испанияда арнайы құрылған көші-қон орталығына жеткізілгенін мәлімдеді.