• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қыркүйек, 2021

Ұлыбритания ауған босқындарын жарылқамақ: 40 миллион доллардан астам қаражат

264 рет
көрсетілді

Ұлыбритания Ауғанстанның көрші елдеріне 40 миллион доллар бөледі. Ел билігі оны ауған босқындарын қабылдауға көмек ретінде аударатынын хабарлады, деп жазады  Egemen.kz.

Бұл туралы 3 қыркүйекте Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің сайтында хабарланды.

ТАСС агенттігінің жазуынша, әңгіме Пәкістан, Иран, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстан туралы болып отыр. Қаражат баспана мен санитарлық қондырғылар ұйымдастыруға жұмсалады.

Лондон ауған босқындарына көмек ретінде БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарын қоса алғанда, бірқатар гуманитарлық ұйымның шотына тағы 10 миллион фунт стерлинг аудармақшы.

«Біз Ауғанстаннан қашып жүргендерге көмектесуіміз және дағдарыстың аймақтық тұрақтылыққа нұқсан келтіруіне жол бермеуіміз керек. Сондықтан бұл құтқару құралдарының маңызы өте зор. Ол ауған босқындарын баспана мен санитарлық құралдармен қамтамасыз ету үшін қажет», деді Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Рааб.

Рааб бір күн бұрын Катарда болған және жұмада Пәкістанға сапары жоспарланған.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы операцияны тоқтату туралы шешімін жариялады. Осыдан кейін Талибан елге бақылау орнату үшін ауқымды операция бастады және 15 тамызда Кабулға ұрыссыз кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.