• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысты

185 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы айналма жолда орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Shacman самосвалы Нұр-Сұлтан қаласының Тілендиев даңғылы жағынан Үркер кентіне қарай жылжыды. Сағат 11:25 шамасында 21 жастағы жүргізуші 72 жастағы жүргізуші басқарған ЗиЛ жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығысудан екі автомобиль де металл қоршауға соғылды. Апат салдарынан ЗиЛ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.