Болгария парламенті ұзақ уақытқа созылған үнсіздіктен кейін президенттік сайлауды 14 қарашаға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдегі ең танымал саясаткерлердің бірі президент Румен Радев жаңа бес жылдық мерзімге сайлауға түсетінін мәлімдеді. Оны социалистер және соңғы парламенттік сайлаудың жеңімпазы «Мұндай халық бар» партиясы (ITN) қолдап отыр. Басқа партиялар өз кандидаттарын әлі атаған жоқ.
Айта кетейік, 11 шілдеде Болгарияда кезектен тыс парламенттік сайлау өткен еді. Әйгілі жүргізуші және әнші Слави Трифоновтың «Мұндай халық бар» партиясы бұрынғы премьер-министр Бойк Борисовтың «ГЕРБ» саяси күштерін аз ғана айырмашылықпен жеңген болатын.
С.Трифонов сайлау жарысы кезінде өзін адал саясаткер, мафия мен жемқорлыққа қарсы күресуші ретінде көрсетті. Алайда ол қабілетті коалицияға жеткілікті қолдау көрсете алмағаны туралы мәлімдеді.