«Almaty Teplovye Seti» ЖШС 6-10 қыркүйек аралығында Саялы-2 ықшам ауданына қарасты үйлер мен ғимараттар ыстық судан ажыратылатынын хабарлады.
Компания шектеулерді жергілікті қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізумен түсіндірді.
Бұған дейін ЖЭС-2 жылу орталығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Айнабұлақ және Дорожник ықшам аудандарында, Тимирязева - Яссауи - Рысқұлов көшелеріндегі ғимараттарда ыстық су өшірілген еді.