Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Қаржылық барлау барысында «НаурызСтройПроект» ЖШС басшысы мен 5 жауапты тұлғасы жүйелі негізде бірқатар кәсіпорындарға шарттың жалпы сомасының 6% мөлшерінде сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып бергені анықтады.
Бұдан әрі тергеу «НаурызСтройПроект» ЖШС-нің қызметкерлер штаты, мүлкі және өндірістік-техникалық базасы жоқ екенін, ал құжаттарда көрсетілген жұмыстар (қызметтер) іс жүзінде орындалмағанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 687 миллион теңге көлемінде залал келтірілді.
Қылмыстық топтың үш мүшесі 2 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған үшеуі 2 жылға шартты түрде сотталды.
Мемлекет кірісіне 105 миллион теңге көлемінде келтірілген зиянның бөлігі өндіріліп алынды.