• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2021

Риддерде әкімдік қызметкерін аяусыз өлтірген

352 рет
көрсетілді

Риддерде үш баланың анасы аяусыз өлтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 тамызда таңертең ерте үйден жұмысқа шыққан, бірақ із-түссіз жоғалған қала әкімдігі қызметкері туралы хабар қала тұрғындарын алаңдатты. Ұялы телефоны сөндірулі болған ананы үйде 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш бала күтіп отырды.

«Кешке орман алқабын тексеру кезінде, әйелдің жұмысқа баратын жолдардың бірінен алыс емес жерде оның мәйіті табылды. Медициналық сараптама қорытындылары бойынша әйел денесінде тұншығу және бірнеше пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар екендігі анықталды. Оқиға орнына облыс орталығынан полиция департаментінің, прокуратураның басшылығы, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері дереу келді», деп хабарлады облыстық ПД.

Бірнеше күннен кейін күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы ер адам болып шықты. Оның бұл қылмысқа бару себебі - әйелдің күміс әшекейлері мен сөмкесін иемдену болды.

«Қазір күдікті қамауға алынып, қылмысы ҚР ҚК 99 және 192-баптары бойынша сараланады. Аталған баптардың санкциялары 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді», деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анасыз қалған бүлдіршіндер жақын туыстарының қамқоршылығына өтті. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жәрдем көрсетуде.